Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 500 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 153,1 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 473 маманға 145,2 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілген.
✅ 2023 жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 204 маман үшін 1 055,7 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылған.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі