ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңеске діни бірлестіктердің өкілдері мен сала мамандары қатысып, аудан аумағындағы діни ахуал мен деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова мен облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» аудандық инспекторы Мақсат Мырзағараев өз бағыттары бойынша баяндама жасап, нақты ұсыныстар айтты.
Отырыста діни тұрақтылықты сақтау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Comments (0)
Add Comment