Діни радикалдану — қауіпті індет

2024 жылдың 15 ақпаны күні «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі және Тараз қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінің САТжӘПЖ бөлімінің аға инспектор теологы А. Ақылбайұлы мен САТжӘПЖ бөлімінің аға инспектор психологы Р. Оспаналиева бірлесе, сотталған азаматтарға «Діни радикалдану — қауіпті індет» атты тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында Тараз қаласы №58 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталушыларға «AQNIET» мамандарын таныстыра отырып, аталған тақырыпқа қатысты мұқият тыңдауға және белсенді қатысуға шақырды. Әрі қарай «AQNIET»» орталығының өкілі З. Зунинкожа діни бағыттағы күрделі тақырыптарға тоқтала отырып, радикалданудың белгілерін атап өтті.
Сонымен қатар, «Ақниет» орталығының мамандары, бүгінгі күнде діни радикалданудың басты белгілері болып табылатын мазхабсыздық синдромы, немесе «хадис» үкімін әсіре пайдаланудың алғы шарттары аясында кең ауқымды түсініктер беріп өтті.
Мекеме психологтары сотталған азаматтармен психологиялық ойын түрінде пікірталас жүргізе біліу қабілетін дамытуға бағытталған ойындар жүргізді.
Кездесу соңында тыңдаушылар тарапынан өзекті діни мәселелер аясында сұрақтарын қоя отырып, жалпы семинарға белсенділік танытты. Қойылған сұрақтарға қатысты «AQNIET» орталығының мамандары толыққанды жауаптар бере отырып, дұрыс ислами түсінік қалыптастырудағы негіздемелерге тоқталып, тақырыпты ашықтап берді. Сотталушы азаматтар тарапынан ризашылық білдіріп, топтық кездесулердің жалғасуына ұсыныс білдірді.

А. Ақылбайұлы,

аға инспектор теологы,  әділет аға лейтенанты

Comments (0)
Add Comment