«Дін және мәдениет» тақырыбында форум мен оқыту семинары өтті. Қожа Ахмет Исауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор, дінтанушы — Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы дәріс оқып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жастар арасында жүргізді. Онда, мәдениет қабаттары, дін, ұлт және мемлекет қатынастарының ғылыми-теориялық негіздері дін және мемлекет туралы түсінік қалыптастырылды. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор екендігі ескертілді. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Сонымен дін — адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі. Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жүргізу арқылы дін және діни нанымдардың тарихы туралы жалпы білімді жастар мен neet санатындағы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға арнады. Олар рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тақырыпты белсенділікпен тыңдау арқылы ой қорытты. Аталмыш шаралар қатысушылар мен ұйымдастырушыларға оң нәтижелі әсер қалдырды.