Дін өкілдерімен кездесу өткізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Жақсыбекұлы және Дін істер басқармасының теолог маманы Қ.Қ.Жарастың ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті.
Алматы қаласы Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің ұстазы, Республикалық Ақпараттық Насихаттау тобының мүшесі Ақниет ақпараттық және оңалту қоғамдық қорының Алматы қаласының өкілі Нұржан Жақсылықұлы Стамбакиев «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.

Comments (0)
Add Comment