Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында нақты шаралар қолға алынып, жаңашыл бастамалар жүзеге асуда. Себебі, дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі екені сөзсіз.
Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мамандар бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып, жазалы жандарға тиісті бағыт-бағдар беріп отырады. Бүгін мекемеде аталған бағытқа арналған жиын өтті. Басқосуға облыс әкімдігі дін істері басқармасы оңалту орталығының инспекторы Әбілқайыр Сабырұлы арнайы қатысты.
Кездесу барысында маман сотталған азаматтарға дәріс оқып, жеке кеңес беру әдістемесін өткізді. Бұдан бөлек, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақ пен қараның аражігін ажыратып берді. Жиын соңында жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.