«Детский травма» деген сөз хит болды ғой

Осы күні «Детский травма» деген сөз хит болды ғой. Әлем — желіні ашып қалсаң бәрінің айтатыны «детский травма».

Тоқсаныншы жылдары савхоз, кoлхоз тараған кездерде балалық шағын өткергендердің ең басты «детский травмасы» ол кешке үйде жарықтың өшіп қалуы шығар.

Осы күнгі балаларға таң қалам, біз сияқты сабақты май шаммен оқыса қайтер еді, одан кейін бұл заманның смартфонға телміргендеріне кітап оқу жайлы айтпай-ақ қойса да болады…

Әуезовтың «Абай жолы», «Қараш — Қарашы», Шерағаңның «Қызыл жебесі», «Ай мен Айшасы», Сәбит Мұқановтың «Балуан шолағы», Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхаты», «Өлгендер қайтып келмейдісі», жаза берсең бітпейтін кітаптар…

Шынымды айтсам, «детский травма» дегенді енді естіп жүрміз ғой. Ол кезде ауылда малдың алдынан шығып, келерінде калонкадан науаға су тасып құйып, жетпесе тағы тасып, келген қой, сиырды қамасып, өрістегі атты әкеп, соның арасында футбол ойнаған балалар «детский травмаңды» білмеді-ау шамасы…

Кешегі өткен балалығымды көз алдыма елестетсем тап бір кинодай көрінеді шынымен…

«Музарт» тобының әйгілі Фарида әніндегідей:

Ал мен болсам ауылда

Жаным фа-фа-Фарида

Отын жағып, су тасып…дегенінің бәрінен өттік..

Енді ойлаймын «детский травма» деген ол кезде болмаған-ау деп…

Қобланды АБЕНОВ

https://muzbalaq.kz/102229/?fbclid=IwY2xjawGynP9leHRuA2FlbQIxMQABHTtOCWxjXTbiywJg3Na6En1-U57fl1O1Mjal1jdk8kvUtH2FdfdF0iLqig_aem_l7sVb_tpawWW8eRrNfBNcQ

суретте осы сайттан алынды

Comments (0)
Add Comment