ДЕПУТАТТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ЗЕРДЕЛЕУ ЖАСАДЫ

Жамбыл облыстық мәслихатының өкіміне сәйкес
Жамбыл облысы мәслихатының депутаттары, аппарат мамандары және тақырыпқа сай тиісті мекемелер өкілдерінен құрылған уақытша комиссиясы ауданға жұмыс сапармен келді.
«Жамбыл облысында жергілікті бюджет қаражатын басқару мен пайдалану тиімділігін көтеру және салық түсімдерін ұлғайту жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» мәселені сессияға дайындауға арналған жадынамасына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 5-6 күндері зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Жұмысшы топ құрамында тақырыпқа сәйкес облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі қатысты.
Бағдарламаға сәйкес кірістер бөлігіне үлес қосып отырған Сарысу ауданының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында атап айтқанда, «Бақдәулет» гипермаркеті, «Асыл тұз» ЖШС тұз өндіру зауыты, «KAZCHEMTRAIDING» ЖШС цемент шығару өндірісінің құрылысы, «ТКӨК «Казфосфат» ЖШС, орталық базар, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасын жұмыстарын зерделеді.
Зерделеу «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында іс шара жоспарына сәйкес жүргізілді.
Comments (0)
Add Comment