Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, қызылша – вакцина арқылы бақыланатын ауру.
«Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру», – деді Нұршай Әзімбаева.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырғанын жазған едік.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 миллион доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген болатын.
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты да үндеу жасаған болатын.
Ал, денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша Қазақстанның барлық аймағына тарағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндіріп берген еді.
https://stan.kz/kizilsha-orshise-de-mektepter-karantinge-zhabilmaydi—d-390999/