«Денесі сұп-суық болып жатты». Роза Рымбаева жолдасының қашан және қалай қайтыс болғанын еске алды

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әйелдер мерекесінің қарсаңында тележүргізуші Динара Сатжанға сұхбат бере отырып, жолдасы Тасқын Оқаповтың қазасын есіне алды, деп жазады jambylinfo.kz.

Әнші Роза Рымбаева мен дирижер, музыкант, продюсер Тасқын Оқапов 23 жыл отасқан. Тасқын Оқапов Роза Рымбаева екінші балалары Мәди Оқаповқа жүкті кезінде қайтыс болғаны белгілі.

«Тасқын қайтыс болғанда үлкен ұлым Әли 9 жаста болды. Екінші ұлым Мәдиге алтыншы ай жүкті едім. Тасқын ұйықтап жатып көз жұмды. Жанына барғанда денесі сұп-суық еді. Жалпы, оның денсаулығы сол жылдары сыр беріп жүрген. Бұған дейін бірнеше рет микроинсульт алған. Үйге дәрігерлер де келген. Алайда, Тасқын оған қатты мән бермеді. Ақыры, ұйықтап жатқанда инсульт алып, жүрегі тоқтап қалды», — деді Роза Рымбаева сұхбатында.

Сонымен қатар, халық әртісі жолдасының қайтыс болғаннан кейін бүкіл өмірін балаларына арнағанын, оған өкінбейтінін және өмірінде кейін көңіл білдірген ер азаматтардың бәрін марқұм жолдасы Тасқынмен салыстырып, оларға сезімін оята алмағанын айтты.

 

https://jambylinfo.kz/madeniet/denesi-s-p-suy-bolyp-zhatty-roza-rymbaeva-zholdasyny-ashan-zh-ne-alay-aytys-bol-anyn-eske-aldy

Comments (0)
Add Comment