Болжам бойынша, елімізде үсік жүреді, тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстікте, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста – екпінді жел, орталықта – бұршақ, батыста, солтүстік, солтүстік-батыста, орталықта – тұман болжанды», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Орталықта, шығыста, Қызылорданың оңтүстігінде, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
«Ақмола облысының солтүстік-шығысында және Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде -1°C үсік жүреді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
16-18 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ылғалды қар, бұршақ жаууы мүмкін.