Қазгидромет 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, 27 сәуірде еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай түсуі ықтимал. 28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауған жаңбырдың арты қарға ұласады», — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде.
Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 1-8 градус аязға дейін жетеді.
https://turkystan.kz/article/242663-demalys-k-nderi-aua-rayy-anday-bolady-25