Дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде

Облыс орталығында орналасқан №28 дауыс беру учаскесіне келушілер қатары артуда. Мұнда арнайы бақылаушылар да дауыс берудің ұлттық заңнамаға және халықаралық талаптарға сай өтуін бақылауда,деп хабарлайды 08info.kz ақпарат агенттігі  arainfo.kz-тің жазбасына сүйеніп

«Бүгін республикалық маңызды науқан өтіп жатыр. Бақылаушы ретінде біз дауыс беру талаптарының бұзылмауын, бір адамның екінші мәрте дауыс бермеуін бақылауда ұстап, қадағалаудамыз. Дәл қазіргі сәтте №28  дауыс беру  учаскесінде ешқандай заңсыздықтар орын алмады», дейді «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Дина Әби.

Comments (0)
Add Comment