ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ АЙГҮЛ МАҚАШОВАНЫҢ ӘН КЕШІ

Өнер қонған, киелі Сарысуда Қазақстан Републикасының мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Музыка» кафедрасының доценті, Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әншісі Мақашова Айгүл Ынтымақызының шалқар шабытқа толы «Мен сүйемін халқымды» атты шығармашылық ән кеші өтті.
Шығармашылық кеш өнер иесінің өнер жолындағы шығармашылығына 35 жыл толуына арналды.
Кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов өнер иесін құттықтап, шығармашылығына барша сарысулықтардың атынан табыс тіледі.
Қазақы дәстүрмен сый- сияпат тарту етті.
Шығармашылық кеште әншінің орындауында Майлықожаның термесі, Ж.Кәрменовтің «Толғау», Абайдың «Сегіз аяқ», Кенен Әзірбаевтың «Бастау» сынды ұлттық рухты көтеретін әндері шырқалды.
Сондай-ақ, кеш қонақтары, Мәдениет саласының үздігі Торғын Орынбаева, «Әсем әуен» балалар ансамблі өнер көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.
Өнер дәстүрінің жарасымды жалғасындай болған шығармашылық кеш көрермендерді рухани әсерге бөледі.
Сарысу ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment