Зардап шеккен алты адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр:
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам қазір Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатыр. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлердің ақпаратынша, зардап шеккен алты адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр:
- Бір науқастың жағдайы өте ауыр;
- Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.
- Қалған екі науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастырып жатыр.
«Ем алып жатқан алты адамның үшеуі – Әзербайжан азаматтары, ал қалған үшеуі – Қырғызстан азаматтары. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.
фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
https://turkystan.kz/article/253840-d-rigerler-ushak-apatynan-zardap-shekkender-turaly-m-limet-berdi