Дәрігерлер трактор басып кеткен жұмысшының өмірін сақтап қалды

Ақмола облысындағы Жақсы ауданының Новокиенка ауылында жұмысшыны трактор басып кетті. Политравма диагнозымен өте ауыр халдегі зардап шегуші жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Пациенттің жамбас сүйегін толық реконструкциялауды талап етті. Әдетте мұндай ота тек облыстық орталықтарда немесе республикалық институттарда жасалады. Бірақ пациенттің жағдайы шұғыл көмекті дәл сол жерде көрсетуді қажет етті. Қашықтан кураторлық бақылау арқылы отаны аудандық аурухана дәрігерлері жасауға бел байлады», — делінген Денсаулық сақтау миистрлігінің хабарламасында.
Мұндай күрделі ота аудан тарихында тұңғыш рет жасалды. Бес маманнан тұратын бригада 7 сағат бойы науқастың жамбас сүйектерін қайта жинап шыққан.
Бүгінгі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда.
Comments (0)
Add Comment