Дәрігерлер басы ауыр жарақаттанған сәбиді аман алып қалды

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Жамбыл облысы, Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 айлық сәби жедел түрде жеткізілген. Анасының айтуынша, бала құлау салдарынан жарақат алған.
Жедел жәрдем бөлмесінде кішкентай науқасты хирургия бөлімінің меңгерушісі мен кезекші травматолог қарап, медициналық тексеруден кейін «сол жақ қабырға асты сүйегінің жабық сынуы, сол жақ қабырға астындағы эпидуральды қан кету» диагнозы қойылған. Осыдан кейін Қордай аудандық орталық ауруханасының мамандары облыстық балалар нейрохирургі Саят Жұмабаевпен телемедицина арқылы кеңес өткізіп, оның барысында жедел хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдайды. Сөйтіп, балалар нейрохирургі Саят Жұмабаев, хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі Нұрлан Жақсымбаев және травматолог Әли Гасанов эпидуральды гематоманы жою бойынша күрделі ота жасайды.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ота сәтті өткен. Қазір баланың жағдайы жақсы, өзін жақсы сезінеді. Тұрғылықты жері бойынша үйіне шығарылуға дайындалуда.

 

Aulieatanews Aqparat

 

Comments (0)
Add Comment