«ДАРА ТҰЛҒА – АСАНБАЙ АСҚАРОВ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай облыстың барлық білім беру мекемелерінде «Дара тұлға – Асанбай Асқаров» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтына адал қызмет етіп, оның тарихын жасаған, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне зор үлес қосқан, дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай тер төгіп, әлемге атын шығарған абыройы асқақ азаматтардың бірегейі – Асанбай Асқаров.
Адалдық сағаты барысында қоғам қайраткерінің еңбек жолы, төменнен бастап төске өрлеген қайыспас, қайсар қара нар, тар кезеңде қабырғасын қақыратып сөксе де азаматтығына сын, арына мін түсірмеген өресі биік рухани тәлімгер тұлғалық қасиеті туралы айтылды.
Асанбай Асқаров – Алаш¬тың алыбы, қазақтың арысы, ұлттың на-мысы, елдің ары мен абыройы еді. Қай¬таланбас біртуар дара, дана тұл¬ға еді. Асанбай Асқаровтың осы бейнесі халқының есінде мәңгі сақтала бер¬мек.
Асанбай өз сөзінде: «Ұлы болсаң жақсының, құлы болма нәп¬сінің. Нәпсіні тыя білу керек, оны би¬леп жеңген абзал. Әр адамның өзінің әділ соты болуы керек – ол оның ар-ұя¬ты. Соны өлтіріп алмаңдар!» — деп өз өмір тәжірибесінен жастарға жол көрсетерлік ой қалдырған.
Адалдық сағатының ұйымдастырушылары ар мен намысты, адалдық пен әділдікті бәрінен жоғары қойған, туған елдің туын биік көтерген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің тұлғалық қасиетін, оның ой-өрісінің кеңдігін, ұлттық рухының биіктігін дәріптеуді мақсат тұтты.
Бейне-дәріс Департаменттің ресми сайтында және барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

Comments (0)
Add Comment