Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Бостондағы бокс кешінде Данияр Елеусінов өз шеберлігін паш етті.

Кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізген қазақстандық боксшы  Америка спортшысы Мэтт Доэртиді сұлатып салды. Екі ұрып құлатты десе де болады. Жииырма жеті жастағы Данияр бұл салаға енді бет бұрғаны белгілі. Доэртимен арадағы бәсеке алты раундқа созылуы тиіс еді. Алайда қарсыласына бірден тап берген Елеусінов алғашқы раундта қарсыласының құтын қашырып, зәресін алды. 2 минут 33 секундтан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Отызға толған Мэттің бұл бірінші рет жеңілуі емес. Он бес кездесу өткізсе, соның алтауында қарсыластарына есе жіберді. Бокс кешінің негізгі бәсекесі Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондокваға тиесілі. Олар WBO алтын белдігін сарапқа салды. Данияр бұған дейін кәсіпқой рингке үш рет көтеріліп, қарсы келгендердің апшысын қуырған болатын.

24.kz

Comments (0)
Add Comment