Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды

 Ресей ТЖМ

Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды”, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.

https://turkystan.kz/article/246874-dagystanda-zhogalyp-ketken-kazakstandyktyn-denesi-tabyldy

Comments (0)
Add Comment