2023 жылдың 31 тамызынан бастап Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық жаттығулар өткізу басталды.
Бүгінгі оқу-жаттығу Тараз қаласы, Төле би көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өтті. Өрт — тактикалық оқу-жаттығулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі іске асыратын қауіпсіздік шараларын одан әрі арттыру бағдарламасы шеңберінде өткізіледі. Осылайша, оқу-жаттығуға 40 адам жеке құрам және 9 бірлік техника (қаланың өрт сөндіру бөлімдері, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы, Өрт сөндіру кезекші қызметі, Тараз қаласының ТЖ басқармасы) жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің басшылығы, бөлімше бастықтары және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де қатысты.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру кезінде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдары жан-жақты пысықталды.
Сонымен қатар, Тараз қаласы ТЖ басқармасының мамандары халық арасында профилактикалық жұмыстар және тақырыптық оқыту бағытындағы сұхбаттасулар жүргізді.
Осыған байланысты Тараз қаласының тұрғындарынан тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз