Цифрландыру – ел дамуының басты бағыты

Күні кеше Мәжіліс және Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында және Ұлттық құрылтайдың V отырысында белгіленген елді ауқымды цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру міндеттері жан-жақты талқыланды.
«AMANAT» партиясы бұл бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Нәтиже де бар: БҰҰ индексі бойынша Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейінде әлемнің үздік 25 елінің қатарында.
Ерекше назар «Цифрлық қоғам» және «Қарызсыз қоғам» жобаларына аударылды. Бұл бастамалар азаматтарға цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуді үйретіп, қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға көмектесуде. Өткен жылы ғана осы жобалар арқылы 800 мыңнан астам азамат қолдауға ие болды.
Сондай-ақ Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларын әзірлеу мәселелері қаралды. Бұл құжаттар цифрлық экономикаға қатысты заманауи құқықтық негіз қалыптастырады.
Маңызды ұсыныстардың бірі – партия жанынан цифрлық комиссар институтын құру.
IT-қоғамдастық еліміздің әр ауданында IT-хабтар ашу бастамасын да қолдады. Бұл – өңірлердегі жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Жалпы, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуда мемлекет, бизнес және қоғам бірлесе жұмыс істеуі тиіс.
Басты мақсат – технологиялардың әрбір қазақстандыққа нақты пайда әкелуі.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Comments (0)
Add Comment