АСЫЛЖАНДЫ, АСЫЛЖАН ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. «Алыстан алаш десе аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», – деп заманының заңғар тұлғаларының бірі Міржақып Дулатов айтқанындай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда, бүгінгі жас ұрпақпен әрқашан мақтанамыз.

Халық, ел жастарға сенеді. Сенімді ақтап, жауапкершілікті сезіне білетін жастар ауданымызда да жетерлік. Солардың дарасы өзіміздің қаракөз қарындасымыз аттасым, Жайылма ауылының түлегі Асылжан Азия чемпионы. Өздеріңізге мәлім қарындасымыз жуырда Макаода (Қытай) өткен ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар Асылжан Орынбасарова жаһандық додада Қазақстан құрамасы сапында спорттық самбодан 65 келі салмақта ел намысын қорғады. Ауданымыздың ғана емес бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Асылжанды бүгін Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылжан Пазылбеков  Жайылма ауылына аранйы іздеп барып, Сарысулық жастар атынан құттықтап, сый-сияпат жасап қайтты.

Сарысу ауданы

Comments (0)
Add Comment