Cаны бар, сапасы жоқ шаралардан арылуымыз керек

-Толық аты- жөніңіз, қызметіңіз?

-Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы, Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ – директоры

-Жастар саясатында қызмет көрсеткеніңізге неше уақыт болды?

-Жастар саясатында қызмет көрсеткеніме 5 жыл уақыт болды.

 

-Жастар саясатында нені өзгерткіңіз келеді?   

Ұсынысым ретінде ЖРО қызметкерлерінің жалақысын көтерілуін. Қағаз бастылықтан,  саны бар сапасы жоқ іс шаралардан арылуымыз керек. Қала және аудандарды заманауи құрал жабдықтармен қамтамыздандырып, психологиялық-танымдық, демалыс,кеңес беру т.с.с  кабинеттер жасау.  (Кеңес алуға, әңгімелесуге келген жастар өздерін сол кабинетте еркін сезіндіру қажет)

 

-Сіздің жастарға сеніміңіз қандай? Және не себепті олай ойлайсыз?

-Жастарға сенімім орта неге десеңіңіз қазіргі жастардың 65 пайызға дейін жауапкершілігі төмен. Қазіргі жастар санасып үлкенді кішіні сыйлаудан қалды. Бір сөзбен айтқанда жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүріп ақша тапқысы келеді. Дәл осылай айтсаң осындайға әкеліп жеткізген, көп адам қоғамды кінәлайды мәселе онда емес, мәселе Отан отбасынан басталады, тәрбие тал бесіктен емес па? Бүгінде аңыз әңгіме өсиет ертегі айтатын ата-апаларымыз және оны тыңдайтын жастың да жоқтың қасы десек болады. Біз сол үшін қазіргі  орта буын ата-аналарымыз бесіктегі балаға смартфондағы тәрбиені емес, атадан қалған асыл сөзді айтып өсиетпен өсірсе сондағана қазақилық болмысымызға жетер едік.

 

-Жастарға арналған қай мемлекеттік бағдарламалар сіздің аймақта жүйелі орындалуда?

-«Дипломмен ауылға» жобасы, «Жастар тәжірбиесі» ,«Мәңгілік ел жастары – индустрияға – «Серпін-2050», сол сияқты «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары т.б, мемлекеттік бағдарламалары орындалып жатыр.

-«Болашақ жастардың қолында» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?

-Толық келіспеймін. Бұлай айтқан себебім, қазіргі жастардың біліміне , жігерлі, таланттылығына сөзім жоқ. Бір мәселе бар! Елім үшін еңбек етем дейтін жастар аз. Соның ішінде шолақ белсенді жастар бар болғанымен,  өздерінің қарабасын ойлайтындар көп.

Тәуелсіз мемлекеттің жастары қандай болуы қажет?

-Ұлтына адал білімді, парасатты елі үшін жанын беретін патриот алғыр келешек ұрпаққа жол көсете білетін тәуесіздіктің әрмен қарай іргесін қалайтын жауап кершілігі жоғары жасампаз болу керек. Ертеңімізді сеніп тапсыра алатындай осы айтылған қасиеттер жастардың бойында болу қажет.

 

-Өңіріңіздегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстарына тоқталсаңыз?  

-Ауданда 14-29 жас аралығында 12 416 жас тіркелген, жалпы жастар аудан халқының 22,6 % құрайды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жастар орталығының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 11 бағыт бойынша 6-айда атқарылған жұмыстар:діни бағытта-33, әскери-24 шара өткізілді оның ішінде: мемлекеттік жастар саясатын iске асыру сонымен қатар, «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына, 7 мамыр-Отан қорғаушылар, 9-мамыр «Жеңіс күніне» орай, «Жас сарбаз» әскери спорттық сынды ойын түрлеріне жарыс өтті. Жастарға кеңес-37 шара өтті: Жастарға тиімді кеңес беру мақсаттарында  орталықтың instagram, facebook әлеуметтік парақшаларында әр-түрлі сала мамандардың қатысуымен тікелей эфирлер жүргізілуде.Құқық бағытында-50 шара өткізілсе, мәдени-шығармашылық бағытында-44 шара, психология-55 шара, рухани бағытында-51 шара өткізіліп, «Салт дәстүрім-таусылмайтың байлығым» атты облыстық ұлттық нақыштағы сынды ойын түрлерінен жарыс болып өтті. Жарысқа: Талас,Сарысу,Жуалы аудандарынан қомандалар қатысты. Жарыс нәтижиесінде: 1 орынды Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округі иеленсе, 2 орынды Жуалы ауданы алды, 3 орынды Сарысу ауданы және Талас ауданынан Есейхан ауылы қанжығаларына басқан болатын.Спорт-42, сыбайлас-26, экологиялық -41, этносаралық-34. жалпы 438 шара өткізіліп, 8309 жас тартылды. Сонымен қатар, ауданымыздың ерікті жастарымен бірге 47 шара өтіп, 637 жас тартылды

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына-751жас тартылды, оның ішінде, ваканттық бос жұмыс орындарына-346, жастар тәжірибесімен-87, ақылы қоғамдық жұмыстарға-118,  әлеуметтік жұмыс орындарына-30, қысқа мерзімдік кәсіби оқудан өткен-10, «Бастау бизнес» жобасына оқытуға-106 жас, несие алған-10жас, қайтарымсыз грантты -44 жас алып отыр.

 

-Жастардың еңбек сатысымен көтерілуінде аға буынның алатын орыны туралы айтып өтсеңіз?

-Бүгінде ағаларымыз көп зейнет жасына келседе жылы орынан қозғалмай жастарға орын бермей отқан. Осыдан жұмыссыздық туындайды. Әр нәрсе өз уақытында болу керек. Жастардың арасында білімді іскер жанып тұрған азматтар жоқ емес бар. Біз сол жасты өсірудің орнына, керісінше көкелері бар білімсіз азматтардың өсуіне жол беріп отырмыз. Олар ертең елге апат алып келетіні сөзсіз.

-Ауыл жастары неліктен қалаға арман қуып кетеді?

Бәріміз мектеп бітіріп алғашында арман қуып қалаға келдік. Содан біраз уақыт өткен соң ауылға деген сағынышың ауып тұрады түсінген адамға.Бірақ ауыл қанша дегенмен ыстық ұяң. Мен айтпаймын барлық жас ауылдан қалаға арман қуып кетеді деп, қазіргі таңда ауылда жастарға барлық жағдай жасалған. Менің ойым ауылдағы (мектеп, спорт, балабақша, болница) т.б ауыл әкіміне қарасты мекемелерді біріктіріп саларалық жүйелі  жоспар жүргізсе, ауылдан шыққан танымал тұлғаларды «Туған жерге» жиі шақыртып ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру керек. Сонда жастардың тұрақтылығы ауылда орнайды.

Comments (0)
Add Comment