Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді
Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды.
Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.
Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі.
Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.
https://turkystan.kz/article/225130-bugin-memleket-basshysy-birkatar-kezdesu-otkizedi/