Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін прокуратураның құрылымы мен қызметі өзгерді, дегенмен, оның қызметінің басты бағыты ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала берді. 1991 жылдың 6 желтоқсанында «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды.