Бүгін Қазақстанның бес облысында қатты ыстық болады

pixabay.com
https://turkystan.kz/article/262121-bugin-qazaqstannyn-bes-oblysynda-qatty-ystyq-bolady

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 11 маусымда антициклон әсері Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елдің қалған аумағында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Абай облысының оңтүстігінде 35–37 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Comments (0)
Add Comment