istockphoto
https://turkystan.kz/article/271491-bugin-qai-qalada-aua-sapasy-nasarlaidy-118
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 22 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және түнде Астана қаласында болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271491-bugin-qai-qalada-aua-sapasy-nasarlaidy-118