Синоптиктер 18 шілдедегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°с қатты ыстық сақаталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, , Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
https://turkystan.kz/article/228089-bugin-elimizdin-basym-boliginde-kun-katty-ystyk-bolady/