Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов 7 жасар Кази Елдосқа арнайы тірек аппаратын табыстады.

Елдостың анасы Қаржауова Нұрғайша аудан әкімінің жеке қабылдауында, баласына қол ұшын созуды сұрап қайырылған болатын.
Осы орайда аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аталған аппаратты Елдостың үйіне арнайы барып табыстап, ата-анасына Елдостың сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Себебі бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы.

 

Comments (0)
Add Comment