Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде және таңертең — тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан,, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

baq.kz

Comments (0)
Add Comment