«Бурыл» алқабындағы 42 көшеге асфальт төселді

Қаланы дамытудың үш жылдық жоспарында көптен бері өзекті болып келген алқаптардағы жол жөндеу жұмыстарына айрықша назар аударылған.
Айталық, осы мақсатта «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабына асфальт жол төсеу» жобасы қолға алынып, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-нің мердігерлігімен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ тоқталсақ, жоба бойынша жалпы ұзындығы 33,2 километрді құрайтын 75 көшеге асфальт жабындысын төсеу көзделуде.
Қазіргі таңда 42 көшеге жол жабындысы төселсе, 7 көшеде асфальттау жұмыстары толық аяқталды. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Ал өткен жылы алқаптағы 75 көшенің 13-і толығымен асфальтталған болатын.
Comments (0)
Add Comment