Бұқтырмада 4 адам отырған қайық төңкеріліп қалды

Видеодан скриншот

https://turkystan.kz/article/264668-buqtyrmada-4-adam-otyrgan-qaiyq-tonkerilip-qaldy
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықпен бірге төңкеріліп қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ өзінің Telegram-арнасында.

Оқиғадан алыс емес жерде бірінші болып адамдарды байқап, төртеуін де өз қайығының бортына көтерген балықшы шықты. Оқиға орнына ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, азаматтарды катерге ауыстырып, қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ еске салады: дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болыңыз. Құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз және ауа райына үнемі бағалаңыз.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264668-buqtyrmada-4-adam-otyrgan-qaiyq-tonkerilip-qaldy

Comments (0)
Add Comment