Brent маркалы мұнайдың бағасы 79 доллардан асты

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы жоғарылады.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,92 долларға көтеріліп, 79,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,71 долларға қымбаттап, 69,25 доллар болды.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment