Боранда жолда қалып қойсаңыз не істеу керек?

Қыс мезгілінде көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал».
Қандай да бір елді мекенге шұғыл бару керек болса, діттеген жерге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз.
​ ​ ​ ​ ​ Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді.
​ ​ ​ ​ ​ Қыста жолға шығар алдында:
1. ​ ​ Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;
2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
3. Жолға шығуға алдын ала дайындалған жөн:
— машинаға шұғыл жағдайларда қажет болатын алғашқы керекті заттарды салу:
— қосымша отын қорына арналған канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғысымен бірге;
— тент немесе автомобильге арналған кемінде 4*3м кем емес өлшеміндегі (мүмкін болса ашық түсті болғаны жақсы, бұл автомобильді қашықтықтан көруге мүмкіндік береді. Оның көмегімен автомобильді қардан бүркемелеп, өзіңіздің жаныңызға кішкене кеңістік жасауға болады);
— қарапайым құрал-сайман (күрек міндетті түрде, балта мен пышақ);
— сүйрейтін арқан;
— ыстық шай құйылған термос пен азық-түлік қоры (қалбырдағы жартылай фабрикат ет, жартылай ысталған шұжық,10-15 литр су, пакеттегі шәй, қант, печенье және т.б.);
— газ жанғышы мен дәнеркерлеу лампасы;
— қолшам мен оның батарейкалары (артық қорымен);
— GPS-навигатор (смартфон болмағанда қолдануға болады);
— жылы киімдер;
— картон қағаздары, құм немесе қиыршық тас қап, сырғанамайтын шынжыр (әдетте тәжірибелі жүргізушілер қамданады)».
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Міндетті түрде көліктің қосалқы дөңгелегі, домкрат, дөңгелекке арналған кілт, жөндеу жиынтығы, сорғы, аккумулятор қуаттайтын сым, авариялық тоқтау белгісі, өртсөндіргіш пен дәрі қобдишасы болуы тиіс.
​ ​ ​ ​ ​ «Осындай құрал-сайман жиынтығымен қысылтаяң жағдайларда өте маңызды басқа да жүргізушілерге көмектесе аласыз.
Ең бастысы автомобиль техникалық жарамды жағдайда болуы тиіс.
Егер жолда келе жатқанда боран басталса:
Егер жолға шыққаннан кейін қолайсыз ауа райы болған кезде (боран, бұрқасын және т.б.), көріну нашарлағанда:
1. Тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ авариялық белгіні қосу керек.
2. Алдында немесе бүйір жағында кедергі болғанда қауіпсіз тоқтау үшін жылдамдықты біртіндеп азайтқан жөн.
Бұл кезде өзге көліктерді басып озуға болмайды. Ара қашықтықты сақтаған дұрыс.
3. Елді мекеннен алыс жерлерде бұрқасын, боран кезінде немесе көру қашықтығы нашарлаған кезде қар астында қалып қоюыңыз мүмкін болғандықтан кез келген автожолда қозғалысты жалғастыру өте қауіпті.
Мүмкіндігінше жанармай бекеттері, жол бойындағы дәмхана, дөңгелек жөндеу пункті, кемпинг, жүк көліктерінің тұрағы, парковка және т.б. болуы мүмкін жақын маңдағы қауіпсіз орынға жетіп алған дұрыс.
Тік жолдың бойына тоқтамаған жөн.
4. Егер қозғалу мүмкін болмаған жағдайда және көмексіз шыға алмайтын болсаңыз үрейге бой бермей бірден «112», «101», «102» шұғыл қызметтерінің телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Өзіңіздің координаттарыңызды, айналадағы отын қоры және т.б. ақпаратты беріңіз. Көмекке міндетті түрде келеді.
Шұғыл қызметтер авттомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:
— жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
— ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;
— өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;
— алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
— алдағы автомобильдерді басып озуға болмайды;
— айналадағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз».
Жуалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №7-Өрт сөндіру бөлімі
Comments (0)
Add Comment