Болашақты ойлауға міндеттіміз…

Қазіргі уақытта әлемнің 31 елінде 192 атом электр станциясы жұмыс істейді. Бұл станцияларда 438 энергоблок энергия береді. Әлем елдеріндегі АЭС-терде 391 878 мегаватт өндіріледі. Көшбасшылар тізімін АҚШ бастап тұр. Франция мен Жапонияда АЭС саласы жақсы дамыған. Ресейдің атом электр станциялары 25 242 МВт электр энергиясын өндірсе, Оңтүстік Кореяда – 21 442 МВт, Қытайда – 16 703 МВт, Канадада – 14 398 МВт, Украинада – 13 835 МВт, Германияда – 12 696 МВт және Ұлыбританияда 10 902 МВт энергия шығарылады. Одан бөлек, Еуропа елдері – Швеция, Швейцария, Испания, Нидерланд, Бельгия, Чехия, Финляндия, Болгария, Венгрия, Румыния, Словакия, Словения, Латын Америкасында – Бразилия, Мексика, Аргентина, Азия құрлығында – Үндістан, Тайвань, Иран, Пәкістан және Оңтүстік Африка Республикасында АЭС-тер негізгі жарық көзі саналады. Осы елдердің көбі 40-50 жылдан бері АЭС-те өндірілетін электр энергиясын тұтынып келеді. Соның арқасында үлкен прогреске жетті. Өйткені мемлекеттік дамуы ресурсқа тәуелді. Көп мөлшердегі энергияны көмірмен, газбен жұмыс істейтін станциялар бере алмайды, тек АЭС қана қамтамасыз етеді.
Серік Сәлемов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Comments (0)
Add Comment