«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

 istockphoto.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 184 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. 

Халықааралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратурада, 13 адам докторантурада білім алатын болса, 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Орталық үміткерлерді іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылғанын атап өтті.

“Биыл басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажет мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды. Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді. Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ биыл конкурсқа қатысуға өтінім берушілершің саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

«Биыл өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту жоспарланып отыр», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова.

Үміткерлер Harvard University, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түскен. Грант иегерлерінің тізімін орталық сайтынан көре аласыз.

https://turkystan.kz/article/245183-bolashak-stipendiiasy-iegerlerinin-tizimi-zhariialandy

Comments (0)
Add Comment