Болашақ ауылдық округіндегі мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді

№10 жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың саны жыл санап артуына байланысты, мектепке қосымша ғимараттың қажеттілігі туындаған болатын.
Бастауыш сынып оқушыларына қосымша кабинет пен асхана ашу үшін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесінің 50 орындық асхана ғимараты мектептің теңгеріміне беріліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінді.
Бүгінгі күні, мердігер ЖК «Тұржанов» ағымдағы жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтады. Барлық талаптарға сәйкес жасалған бұл ғимаратқа бастауыш сыныптың 92 оқушысы көшіріліп толыққанды сабақтар жүргізілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Қарақия Ауданының Әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment