Еліміздің оңтүстігі Шымкент қаласында бокстан жастар арасында Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХХ- шы халықаралық турнир аяқталды.
Жалпы турнирде 5 мемлекеттен 140-қа жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынаған болатын.
Жамбыл облысы құрамасы 2 алтын және 3 қола жүлдеге қол жеткізді.
Кенжебеков Абзал (54 кг)
Өмірбеков Алинұр (67 кг)
Құрманғали Нұрдаулет (51 кг)
Жылқыбай Нұрхан (63.5 кг)
Қанатбек Алижан (92 кг)
Айта кетейік, жеңімпаз атанған боксшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.
Жамбыл облысының жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Оспанов Мақсат.
_____________________