Қазақстандық боксшылар Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында өнер көрсете бастады деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке алғаш болып Серік Теміржанов шықты. Турнирдің 1/8 кезеңінде ол түрікменстандық боксшы Ихлаз Гылычжановпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Теміржановтың жеңісімен аяқталды.