Бокстан әлем чемпионатына қатысатын жастар құрамасы анықталды

Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлік құрамы Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімін жария етті.

Әлем біріншілігінде келесі спортшылар ел намысын қорғайды:

— Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта)
— Бексұлтан Боранбек (51 келіге дейінгі салмақта)
— Бауыржан Мұратов (54 келіге дейінгі салмақта)
— Жансері Көшербаев (57 келіге дейінгі салмақта)
— Алексей Хаванцев (60 келіге дейінгі салмақта)
— Ахмет Үсенов (63,5 келіге дейінгі салмақта)
— Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта)
— Өнер Сейілхан (71 келіге дейінгі салмақта)
— Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта)
— Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейінгі салмақта)
— Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта)
— Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта)
— Аслан Еділбайұлы (92 келіден жоғары салмақта)

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.

сурет: Olympic.kz

https://turkystan.kz/article/category/news

Comments (0)
Add Comment