Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстаннан 2 боксшы сынға түседі

Анита Адишева (52 келі) мексикалық Патино Хуарезбен қолғап түйістірсе, Жайна Шекербекова (54 келі) колумбиялық Бекера Монтесиноспен шаршы алаңға шығады.

10 наурызда Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде ел құрамасынан екі боксшы бақ сынайды.

Анита Адишева (52 келі) мексикалық Патино Хуарезбен қолғап түйістірсе, Жайна Шекербекова (54 келі) колумбиялық Бекера Монтесиноспен шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, 9 наурызда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (50 келі) 1/16 финалда кениялық Нзиваны жеңді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Елдана Талипова (81 келіден жоғары) 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаеваны тізе бүктірді.

Сондай-ақ ел құрамасынан дүбірлі додада Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі.

Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.

https://turkystan.kz/article/256994-bokstan-lem-chempionaty-bugin-kazakstannan-2-boksshy-synga-tusedi

Comments (0)
Add Comment