БҚО-да сәбізге қақалып қалған 1 жасар сәби көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби қайтыс болды деп хабарлады 08 инфо ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Теректі аудандық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған.

«1,7 жасар ұл бала сәбіз жеп жүріп қақалып қалған. Оны анасы байқап, желкесінен түйгенімен, сәбіз шықпаған. Баланы аудандық ауруханаға алып келгенімен, тіршілік белгісі болмады. Жансақтау шаралары жүргізілгенімен, ол нәтиже бермей, сәби қайтыс болып кетті», – деп хабарлады ауруханадан.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркеліп, сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment