БҚО-да браконьерлер ұсталды

БҚО-да 2 автокөліктен мылтық пен еліктің еті табылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Аталмыш жол бойында тоқтатылған BMW және Toyota Land Cruser GXR автокөліктерінен МЦ-21-12 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, оқ-дәрісімен МР-153 маркалы аңшы карабині, «Тигр» карабині, 37 ұсақ калибрлі оқ-дәрі және еліктің еті салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Қаруға тиісті құжаттар бар. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – деп хабарлады ведомство.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолында болды.

https://turkystan.kz/article/212203-bko-da-brokonerler-ustaldy/

Comments (0)
Add Comment