Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ

Бүгін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – біздің таңдауымыз» атты кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері жөнінде пікір алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Comments (0)
Add Comment