Біз озық ойлы ұлт ретінде тек алға қарауымыз керек

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде, Төтенше жағдайлар бөлімі және Шу қалалық №5-өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен кәсіби-қызметтік даярлық сабағы аясында Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Т.Кариев – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 3 қаңтардағы Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қозғалған өзекті мәселелерді оқып таныстырды. Онда Президент реформаларының нәтижелері мен жетістіктері, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы, Мемлекет басшысының Жолдауларында және Ұлттық құрылтайдағы баяндамаларында айтылған бастамалары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы, қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық-зомбылықтар туралы өзекті тақырыптар қозғалғаны туралы жеткізілді.

Шу ауданы әкімдігі 

Comments (0)
Add Comment