018 жылдың соңына дейін индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 16,9 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылады.
Бұл кәсіпорындарда 947 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты.
Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. Яғни, бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265 млрд теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті.
Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасуына индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындар 13 млрд теңгенің өнімін өндірген.