Биыл облыстағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесі 91 пайызды құрады, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл соңына дейін тағы да қосымша 45 мектепке дейінгі ұйым ашылады. Маусым айында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты құрылды.
Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Облыстағы бойынша 3 жоғары оқу орынындағы жатақхана мәселесі реттелуде. Мәселен, «Тараз» қонақ үйі сатып алынып, ТИГУ студенттеріне жатақхана дайындалуда. Қалған 2 жоғары оқу орны мен 3 колледждер тарапынан жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері белгіленіп жатыр.