Биыл көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылады?

1 наурыздан бастап Қазақстанда мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны басталды. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге шақырылатындардың санын жариялады. 

Оның айтуынша, шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Жалпы 18 мың адам қызметке шақырылады.

Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде атап өтілгендей, Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде – 7 мыңнан, Ұлттық ұланда – 6 мыңнан, Шекара қызметінде – 3 мыңнан астам адам қызмет етеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде 300-ден астам, мемлекеттік күзет қызметінде 80-нен астам адам.

Comments (0)
Add Comment