Биыл аймақта 700 шақырым жол жөндеуден өтеді

2023 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 22,2 млрд.теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 9,9 млрд.теңге республикалық, 3,4 млрд.теңге облыстық, 5,2 млрд.теңге аудандық, 3,7 млрд.теңге – қалалық бюджеттерден бөлінді. Бөлінген қаржылар есебінен 5,6 шақырым қайта жаңғырту және 697 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Оның ішінде 132 шақырым облыстық маңызы бар автожол, 96 шақырым аудандық маңызы бар, 474,6 шақырым елді мекен көшелері.
Барлығы 391 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделуде.
Оның ішінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 6,9 млрд теңгеге 26 жоба немесе 228 шақырым жол, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 6,3млрл теңгеге 215 жоба немесе 261 шақырым, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 2 жоба немесе 5,6 шақырымға 900 млн теңге, жергілікті бюджеттерден – 148 жоба немесе 208 шақырымға 6,2 млрд.теңге қаралды.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 1,9 млрд.теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалады.
Бүгінде, барлық жоспарланған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығы» жергілікті бюджеттерден 70,0 млн. теңге қаралды.
Алдағы бюдетті нақтылауда аудан тараптарынан да бұл мақсатқа қосымша қаржы қарастыру жоспарда.
Жыл сайын құрылыс маусымында жол битумы бағасының шарықтап өсуі мен оның тапшылығы мердігерлерді алаңдатып, жобаларды іске асыруда қиыншылықтар тудырып отыратындығы жасырын емес. Ағымдағы жылы, да осы жағдайдың қайталану мүмкіндігі болжануда. Сол себепті, өңірдегі ірі жол құрылыс компаниялары қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жол битумын мейлінше қыс мерзімінде көптеп жинақтау шараларын қабылдауда жұмыстарын қолға алудамыз
Ағымдағы жылы іске асырылатын жол жөндеу жобаларына алдын-ала есеппен жол битумының қажетті қоры 118 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, республикалық жолдарға – 95 мың тонна, жергілікті жолдарға 23 мың тонна қажетті бар.
Жалпы облыс бойынша сыйымдылығы 53,9 мың тонна құрайтын 12 битум сақтау қоймалары бар. Жалпы сыйымдылығы – 53,9 мың тонна.
Облыста 22 асфальт зауыттары бар. Жалпы қуаттылығы 1930 тн/сағатына гығарады. Бұл облыстың қажеттелігін қамтамасыз етуде.
Жол құрылысы және жөндеулермен айналысатын 23 мердігер ұйым бар. Оның 5–уі құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялар.
Бүгінде, бәрі құрылыс маусымына дайындық жүргізу сатысында.

Мұрат Саурықов,
Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Comments (0)
Add Comment